KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
448.15 483.46 4.86

ШҚО-дағы университтер болашақтың жаңа мамандарын даярлайды

18.09.2018, 05:59 119

Алдағы уақытта елімізде орын алатын жаңалықтардың барлығы бүгінгі күннің 500 мамандығын жойып жібереді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқан болатын.


Заман талабы мен жоғары технологиялардың дамуына байланысты пайда болған кәсіптерді меңгерген мамандарға сұраныс пайда бола бастады. Бұрын соңды болмаған мамандықтарды оқытуды ШҚО-ның жоғары оқу орындары қолға алмақшы.


-«Цифрлы Қазақстан» мемлекетттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да негізгі ғылым мен ақпараттық технологиялардың тоғысуынан құрылған 8 инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша жұмыстар басталды, - деп мәлімдеді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директор-проректоры Нелли Краснобаева.


Болашақтың кәсіби мамандарын ауыл шаруашылығы мен геология саласы үшін «Жерді зерттеудің цифрлық әдістері» и «Роботталған пилотсыз жүйе» мамандықтары бойынша дайындайды. Ал құрылыс саласында как «Жобалаудың BIM-технологиясы» деп аталатын мамандық пайда болды. Денсаулық сақтау саласы үшін жоғары технологиялық құрал-жабдықтар мен технологияларды енгізу және сүйемелдеу бойынша «IT-медик» бірегей мамандары даярланады. Бұлардан бөлек өзге де жаңа мамандықтар пайда болады екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив