KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Жармада пробация есебінде тұрғандарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті

18.09.2018, 03:02 178

Жарма ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жұмыспен қамту орталығында «Еңбек 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын» іске асыру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Жәрмеңкеге жұмыс берушілер, жұмыс іздеушілер, пробация қызметі есебінде тұрғандар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар қатысты.


Жәрмеңкеде 70-тен астам жұмыс іздеушілер болды, оның ішінде № 1, 2 пробация қызметі есебінде тұрған 17 адам келіп қатысып екі азамат «Бақыршық тау - кен кәсіпорнына» жұмысқа жолданды. Сонымен қатар жастар іс-тәжірибесіне 5 адам жолданатын болды. Жәрмеңкеге қатысқан Қожабекова Жанар Маяковский орта мектебіне бос жұмыс орыны бойынша информатика лаборанты ретінде жұмысқа жолданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив