KZ
Өскемен
+3°
дождь жел 2,5 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Қазақстандағы қант қоры жайлы министрлік мәлімдеме жасады

14.09.2018, 06:11 135

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қант қоры жеткілікті деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі 24.кз. сайтына сілтеме жасап.


Еске салайық, кәсіпкерлер қанттың тапшылығы сезілуі мүмкін деген болжам жасаған еді. Министрлік берген ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері елімізде 138 мың тонна қант өндіріліп, тағы 121 мың тоннасы импортталды. Мамандар өңірлерде қант қоры жеткілікті дегенді алға тартады. Оның үстіне жиын-терім науқаны әлі де жүріп жатыр, демек шикізат жеткілікті. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда қант пен оның шикізатын импорттауға еш шектеу қойылмаған.


Қант өндірушілеріміз 2010 жылдан бері Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында шикізатты баж салығынсыз алып келген, ағымдағы жылдың 27 шілдесінен бастап, аталған жеңілдіктер алынып тасталды. Дегенмен, бұл жағдай қанттың бағасы қымбаттап, тапшылық тууына негіз емес.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив