KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскемен тұрғындарынан АИТВ белгісі байқалды

10.09.2018, 10:56 135

Өскеменде дәл қала күні қарсаңында екі адамның АИТВ жұқтырғаны белгілі болды.


Орталық алаңда концерт, жәрмеңке өткені мәлім. Бұдан бөлек, дәрігерлер «сау денсаулық» атты іс-шара өткізген еді. Бұл жерде кез келген адам бойын, салмағын өлшетіп, қандағы холестерин мөлшерін анықтауға мүмкіндік алған болатын. Сондай-ақ АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) мен ЖИТС-қа (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) қатысты тестілеуден де өте алатын. Қызметтер тегін жүргізілген.


– Біз отыз адамды қарадық. Соның ішінде екі адамнан АИТВ белгілері байқалды. Бірі – жас жігіт, екіншісі қыз бала еді, – деді Наталья Селезнева, облыстық ЖИТС орталығы қызметкері.



Маманның айтысынша, қыз бала қызық үшін тексерістен өтіпті. Күліп жүріп қаралып шыққан да, жүре берген. Арада 12 минут өткен соң нәтижесін білуге келеді...


– Ол өзінде АИТВ белгісі байқалғанын естігенде қатты састы. Басында сенбеді. Сосын қайтадан қан тапсырғысы келетіндігін айтты. Біз орталыққа келіп, бастан-аяқ тексерістен өтуді ұсындық, – дейді дәрігер.


Сонымен, аталған екі адам да орталыққа барып, тексерістен өтетін болды.


– Адамдар өзіне жөнді қарамағаннан аталмыш ауруды жұқтырып алып жатады. Дер кезінде қаралмаса, айналаға мол зиян келтіреді, – дейді дәрігер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив