KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Дизель отынының бағасы қарашада арзандауы мүмкін

10.09.2018, 03:46 188


ҚР Энергетика министрлігі еліміздегі жанар-жағармай құю стансаларында дизель отынына бағаның өсуі себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Аталған ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қыркүйек айында еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттарда 386,5 мың тонна дизель отынын өндіру жоспарланып отыр.



Белгілі болғандай, күзгі егістік жұмыстары үшін (шілде-қазан айларында) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қажеттігіне басымдықты тәртіпте 394,4 мың тонна отын бағытталады. Қыркүйек айында фермелерге қажетті жалпы көлем 126,6 мың тоннаны немесе елімізде өндірілген жалпы деңгейдің 32,75 пайызын құрайда. Ауыл шаруашылығына керекті отынның бағасы мұнай өңдеу зауыттарынан тоннасына 181 мың теңгені (литріне 150 теңге) құрап отыр.



Теміржол арқылы жүк ағынының артуына байланысты қыркүйек айында 60,4 мың тонна дизель отынын немесе жалпы өндірістің 15,62 пайыз көлемін бағыттау жоспарлануда.



Қазақстанда өндірілген дизель отынының 3,88 пайызын осы айда тау-кен саласы кешеніне жіберіледі деп күтілуде, бұл тұрғыда 15 мың тонна қарастырылған.



Осы арқылы Қазақстанның бөлшек нарығына қыркүйекте 184,5 мың тонна отын немесе ел ішінде өндірілген көлемнің 47,75 пайызы таралады.



«Сонымен бірге, еліміз нарығы мен көршілес елдердің шекаралас өңірлерінде дизель отынына бағаның диспаритетіне байланысты, Қазақстан аумағы бойынша транзиттік автомобиль жүк тасымалдараның маусымдық өсімі ықпал етуде», - делінген таратылған хабарламада.



Сұраныстың өсіміне орай, ішкі нарықтың қажеттігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық компаниялар дизель отынын импорттауға мәжбүр. Ресей мен Қазақстан шекарасында импорттық дизель отынының көтерме бағасы (тасымалдау мен сақтау шығындарын есептемегенде) тоннасына 246 789 теңгеге (литріне 202 теңге) жетті. Бұл өз кезегінде ішкі көтерме бағадан 23 137 теңгеге қымбат.




«Дизель отыны бағасының төмендеуі биылғы қарашада орын алады деп күтілуде», - делінген министрлік мәліметінде.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив