KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
448.81 476.82 4.77

Аягөздегі ауыл мектептерінде ІТ сыныптар ашылып жатыр

7.09.2018, 03:53 134

«Нұр Отан» партиясы Аягөз аудандық филиалы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырылуына атсалысуда.


Елбасы, Н.Ә.Назарбаев Жолдауда: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан-кинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қол-данылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», деп нақты бағдар берді.


Осы орайда, № 1 орта мектеп, №3 орта мектеп, №4 орта мектеп, №5 орта мектеп, №6 жалпы білім беретін интернет жанындағы орта мектеп, №7 орта мектебі, №8 орта мектеп, Аягөз қазақ мектеп Лицейі, қалалық көпсалалы мектеп гимназиясы, Қ.Қадыржанов атындағы Қызылқия орта мектебі, Тарбағатай орта мектеп, К. Бозтаев атындаңы жалпы орта мектеп, Оспанқұл Менаяқұлы атындағы орта мектеп, Айғыз жалпы орта мектеп, интернет жанындағы Акши жалпы орта мектеп, Д.Бабатайұлы атындағы орта мектеп, С.Ғаббасов атындағы қазақ орта жалпы білім беретін мектеп, Шыңқожа батыр атындағы орта мектеп, Ақтоғай жалпы орта мектептерінде кабинеттер ашылды.


Жаңа технологиялармен жабдықталған кабинеттер оқушы жастардың цифрлы технологияның тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технология, химия-биология бағытында ғылыми-зерттеулермен айналысуларына, шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив