KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскеменге жаңа автобустар сатып алынады

5.09.2018, 06:18 171

Облыс орталығында тозығы жеткен қалалық автобустар жаңартылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазіргі уақытта Өскеменде 44 автобус пен 14 шағын автобус бағыттары бар. Қаладағы жалпы қоғамдық көлік саны 504 автобус пен 269 шағын автобусты құрайды.


-Күнделікті қала ішіндегі бағыттар бойынша 322 автобус пен 104 шағын автобус шығады, дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Руфат Акрамов. – Қала ішіндегі бағыттардағы қозғалыстың жүйелілігі жоғары екенін айта кету керек.


Тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін № 17 “Ивушка” – К. Маркс даңғылы, № 60 Октябрьский кенті – облыстық балалар ауруханасы бағыттары Есенберлин даңғылына дейін ұзартылып отыр екен. Сондай-ақ, биыл 592 автобус аялдамасының 80 пункті жаңартылып, 311 аялдамадағы ақпараттық тақтайшалар ауыстырылған.


ТҮКШ бөлімі басшысының айтуынша, қаладағы қоғамдық көліктердің 60% -дан астамы жаңалауды қажет етеді. Алайда тасымалдаушы компаниялардың әлемдік заманауи стандарттарға сай жаңа автобустар сатып алуға мүмкіндігі жоқ екен. Сол себепті қала басшылығы бұл мәселені шешудің жолдарын қарастыруда.


Осыған орай, қазір облыстық және қалалық әкімдік мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Еуропалық банкпен бірге 84 жаңа автобус сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл автобустар қаладағы тасымалдаушыларға берілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив