KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

Қазақстанда күзгі-қысқы аңшылық маусымы ашылды

4.09.2018, 04:26 234

Елімізде қыркүйек айынан бастап күзгі-қысқы аңшылық маусым ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ол аңдардың түріне қарай 2019 жылдың 15 ақпанына дейін созылады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Дилдахмет Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеп отыр.


Аң аулаудың объектілеріне 34 сүтқоректілердің және 59 құстардың түрі жатады. Қыркүйектен бастап марал, аю, сібір тау ешкісі, сібір елігін, қабан, шіл, қарабауыр және көшпелі жабайы құстарды (қаз, үйрек) аулауға рұқсат етіледі. Тәулігіне бір аңшыға анаттылардың әр түрінен бес құсқа дейін аулауға болады.


Сондай-ақ, аңшылыққа арнайы жолдама және квота бойынша ғана  шығуға рұқсат берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив