KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Лицензиядан екінші болып «Эксимбанк» айрылды

28.08.2018, 08:00 134

Лицензиясынан айрылған тағы бір банк «Эксимбанк Қазақстан». Ұлттық Банктің түсіндіруі бойынша, аталмыш банк лицензиядан пруденциялық нормативтердің, нормативтік-құқықтық акттердің жүйелі түрде бұзылуына, сонымен бірге қосымша капитализация бойынша уәкілетті органның талаптарын банктің ірі қатысушыларының орындамауына байланысты айырылып отыр.


«Эксимбанк Қазақстан» АҚ-да жеке тұлғалардың 254 миллион теңге болатын депозиттері бар.


Ұлттық банктің мәлімдеуінше, егер сот «Qazaq Banki» мен «Эксимбанк» банктерін мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаса, ҚДКҚ салымшыларға кепілдендірілген өтемақы төлейді.


Айта кетейік, кепілдік өтемақының шекті мөлшері: теңгедегі депозиттер үшін - 10 млн теңгеге дейін; шетел валютасындағы депозиттер бойынша - 5 млн теңгеге дейін белгіленген. Банктің клиенттері болып саналатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке сот орындаушылар, нотариустар және заңгерлер депозиттерге кепілдік беру қорынан өтемақы алуға құқылы.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив