KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Qazaq Banki» лицензиядан қағылды

28.08.2018, 07:53 155

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Qazaq Banki» АҚ-ны банктік және өзге де операциялар мен бағалы қағаздар нарығында қызмет жүргізу лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі бас банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 171 қаулысына сәйкес «Qazaq Banki» АҚ-ты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабындағы негіздер бойынша төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде тиісінше орындамағаны және пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғаны үшін банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкке 2018 жылғы 27 шілдеде берген № 1.2.204/37 лицензиядан 2018 жылғы 28 тамыздан бастап айыру туралы шешім қабылданды» - деп жазылған баспасөз хабарламасында.


Дәл қазір уақытша әкімшілік тағайындалып та қойды. Оған Банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтеді. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады.


«Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 28 тамыздан бастап тоқтатылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы өтінішпен жүгінеді. Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап Банкті ұстауға жұмсалған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың Банкке талаптары тарату ісінде ғана ұсынылады», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.


Әйткенмен депозиторлар далада қалмайды. Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болғандықтан, депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив