KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
448.81 476.82 4.77

ШҚО-да жыл басынан бері пайдаланылмаған 126 жер учаскесі қайтарылды

28.08.2018, 03:00 123

Облыстық прокуратурада пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселесін қараған ведомствоаралық кеңестің отырысында облыс прокуратурасы жылдың басынан бері мемлекетке былтырмен салыстырғанда пайдаланылмаған жерлерді екі есе көп қайтарғаны белгілі болды.


2018 жылдың қаңтарынан бастап прокурорлық ықпал ету шараларымен мемлекет меншігіне кадастрлық құны 2 млрд теңгеден асатын, жалпы алаңы 25,5 мың гектар болатын 126 жер учаскесі қайтарылған.

Сонымен бірге, уәкілетті органдармен 251 мың гектарды құрайтын осындай 222 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Алакөл мен Сібе көлдерінің жағалауын зерделеу бойынша көлемді жұмыс атқарылды.


Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша облыс аумағында алаңы 154 мыңнан астам гектар 200 жер учаскесі мүлде пайдаланылмайтыны немесе жер заңнамасын бұзумен пайдаланылатыны анықталған. Олардың басым бөлігі Бұқтырма су қоймасының және қалалардың инфрақұрылымын дамытатын перспективалық аумақтарында орналасқан. Мысалы, Өскемен қаласында бұл учаскелер Сәтпаев даңғылы, Самар тас жолы бойында, 19 және 21 мөлтек аудандарда орналасқан.


Облыс прокуроры Құсайын Игембаев қалған жер учаскелерін қайтару бойынша жұмысты ширатып, жер ресурстарын тиімді пайдалану бойынша барлық өзекті мәселелерді шешетін жұмыс тобын құруды тапсырды. Сондай-ақ, бұзушылықтарды анықтау, тексерулерді тіркеу, пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, жалға алу шартын бұзумен байланысты аспектілерге баса назар аудару ұсынылды.


Кеңеске қатысушылар нысандардың құрылысына бөлінген жерлерді алу туралы істер бойынша сот тәжірибесінің бір мағыналы еместігін, сондай-ақ, құқықтық қатынастардың осы саласын реттейтін заңнаманың қайшылықтары мен жетіспеушіліктерін талқылады.


Кеңес соңында облыс прокуратурасы тарапынан заң бұзушылықтарды жойып, алдағы уақытта осы тектес бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде тапсырмалар мен нақты ұсыныстар берді. Ұтқыр топқа жұмыстың бірыңғай тәжірибесі мен өлшемдерін дәйектеу тапсырылды. Бұл жер заңнамасын қолдану кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге және ары қарай ілгерілеуіне мүмкіндік бермек. Қадағалау органында топ мүшелерінің әрекеттер алгоритмі дайындалды.


Бірлескен жұмыстың нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың қазан айында түпкілікті қорытындылар шығарылмақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив