KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Еуропа тауында 31 жыл бұрын қайтыс болған альпинист әйелдің денесі табылды

27.08.2018, 06:31 221

31 жыл бұрын Еуропадағы ең биік тауға шығу кезінде қайтыс болған альпинист әйелдің денесі Қарашай-Черкесияда Эльбрустан бүгін табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Әйелдің денесін төрт мың метрге жуық биіктен туристер тобы тапқан екен. Олар бұл жөнінде құтқарушыларға хабарлапты. Әйелдің кім екені анықталды - оның қалтасында Елена Константиновна Базыкинаға берілген төлқұжат пен Мәскеуден Минеральные воды-ға дейінгі ұшаққа билет болған. Билеттегі күн - 10 сәуір 1987 жыл.


Құтқарушылардың айтуынша, әйелдің денесі табылған ауданда 1987 жылы көшкін болып, жеті адамнан тұратын альпинистер тобы қаза тапқан. Ол кезде іздестіру жұмыстары оң нәтиже бермеген көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив