KZ
Өскемен
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Өскемендегі үйлер жылыту маусымына дайын ба?

27.08.2018, 06:26 136

Өскемендегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандар жылыту маусымына 88 пайыз дайын. Бұл туралы қаладағы жылу электр орталығының жұмыс барысымен танысқан шаһар басшысы Жақсылық Омар мәлім етті.



Енді апта сайын қалалық әкімдіктің жанынан құрылған арнайы штаб өкілдері алдағы қысқа әзірліктің қалай жүріп жатқанын тексереді. Сондай-ақ, рейдте мамандар көмір тапшылығы мәселесінің туындамауын да қадағалайтын болады.


- Жалпы, жылыту маусымына дайындық жұмыстары белгіленген жоспарға сай жүруде. Қазан айына дейін әзірлік деңгейі 100 пайызға жетеді. Жуықта Стрелка ықшам ауданындағы жылыту құбырларын тексеріп көрдік. Бәрі ойдағыдай. Енді Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы қысқа әзірлік жұмыстарын пысықтайтын боламыз. Ал көмір қоры жеткілікті. Алаңдауға себеп жоқ. Біз әзірше жылыту маусымына 18 мың тонна көмірді дайындап қойдық, - деді «Өскеменжылу жүйелері» АҚ-ның бас директоры Ринат Уразбаев.


Айта кетейік, қысқы маусымда өскемендіктерді жылыту үшін 36 мың тонна көмір қажет. Ал бүгінде қаладағы электр станцияларымен жылыту қазандықтары 12 мың тонна қатты отынмен қамтамасыз етіліпті. Қалалық әкімдік өкілдерінің сөзіне сенсек, алдағы қыста көмір тапшылығы мәселесі туындамайды. Сондай-ақ, суық түсе салысымен тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу дер кезінде беріледі деп күтілуде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив