Өскемен
+12°
пасмурно ветер 1 м/с, ЮЗ
475.96 506.95 4.96

Қазақстандағы жаңа жолдар ақылы болады

24.08.2018, 11:10 106 0

Елімізде 7000 шақырымнан астам жолды ақылы түрге көшеді. Бұл туралы ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлім етті.


Ақы төлеу жол шығынын өтеу мақсатында енгізіліп отыр. Мысалы, тас жолдың бір учаскесіндегі жұмыстарға миллиардтаған қаражат жұмсалады.


-Астана-Щучинск учаскесіне жыл сайын 1,3-1,4 млрд. теңге қаражат жұмсалатын. Өткен жылы бұл учаскеден 1,5 млрд.теңге жинадық, демек ол өз шығынын өзі ақтады, - дейді Амангелді Беков. – Қазақстанда жалпы 7000 шақырымнан астам жолдарды ақылы түрге көшіруді жоспарлап отырмыз. Жаңа жолдардың барлығы ақылы болады. Жеңіл автокөліктерден болмаса да, жүк көліктерінен ақы алынады.


Жолдың бір шақырымына төленетін ақының мөлшері барлық жерде бірдей болмақ. Алайда, екі елді мекеннің арасында жиі жүретін жүргізушілерге 30-50% мөлшерінде жеңілдіктер жасалады екен.

106
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив