KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-ның бірқатар аудандарында түлектердің ҰБТ-ға қатысу деңгейі төмен

24.08.2018, 06:31 136

Аймақ басшысы облыста түлектердің ҰБТ-ға қатысу деңгейіне көңілі толмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды.


Жалпы ҰБТ бойынша облыстық орта көрсеткіш жоғарылаған екен. Алайда кейбір аудандарда ҰБТ-ға қатысушылардың саны бойынша көрсеткіш төмендеген.


-Риддер, Бородулиха және Шемонайха ауданыдарының әкімдеріне білім бөлімдерінің жұмысын реттеуді сұраймын. Не себепті ҰБТ-ға қатысу деңгейі төмендеп кеткен? – деді әкім. – Басқа елдерге оқуға кеткендіктен ҰБТ тапсырмады деген бос сөз. Ешкім егжей-тегжейлі талдау жасап, неше бала шетелге оқуға кеткенін тексермеген. Білім басшылары өздерінің кәсіби дәрменсіздіктерін жасыру үшін, шамасы бар түлектер тапсырсын, қалғандарына міндетті емес деп балаларды іріктейді.


Осы мәселеге қатысты аймақ басшысы соңғы үш жылға талдау жасауды тапсырды.  Енді білім бөлімдері осы үш жылда ҰБТ тапсырмаған және шетелге оқуға кеткен түлектер туралы толық сандық мәліметтерді ұсынуға тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив