KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Бас дәрігерлер ағылшын тілін білуге міндетті – Даниал Ахметов

24.08.2018, 05:24 146

ШҚО-ның бас дәрігерлері ағылшын тілін білуге және шетелден білім алуға міндеттеледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті. Соңғы екі жылда 73 жергілікті медқызметкер Ұлыбритания мен Польшадан оқып келген екен. Алдағы жылы шетелге оқуға 80 маман жіберілмек: олардың барлығы аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері мен күрделі заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін медқызметкерлер.


-Шетелден білім алмаған мамандар аурухананы басқармайды, - деген қатаң талап қойды әкім. – Зейнет жасына таяп қалған дәрігерлер оқуға жіберілмейді. Ал 50 жасқа дейінгі мамандар толық ағылшын тілін оқып, шетелге оқуға барады. 8 жыл осылай жалғасатын болса, тамаша нәтижелерге қол жеткіземіз. Қымбат жабдықтарды сатып алдық, ал ондағы мүмкін 20 амалдың қарапайым үш түрін ғана атқарып, мәз болып жүрміз. Бұлай болмау керек! Егер дәрігер осы жабдықтарда еуропалық дәрігердің орташа деңгейін орындай алмаса – ол қызметінен кетуге тиіс.


ШҚО денсаулық басқармасына күрделі аппараттардағы жұмысты бағалау өлшемдерін ұсыну тапсырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив