KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да электр қуаты қымбаттауы мүмкін

22.08.2018, 12:02 177

Риддерлік жылу электроцентралында электр қуатын беру тарифтерін орнату мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Шығысэнерготрейд өкілдері ақылы транзиттің электр қуатының облыс көлемінде қымбаттауына әкелетінін ескертіп отыр.


Риддерлік ЖЭЦ-да жуықта жаңа қызмет түрі пайда болған еді – электр қуатын беру. Енді ол ақылы түрде көрсетілуі мүмкін. Қандай тариф бекітілетіні әзірше белгісіз. Бұл мәселені қазір Табиғи монополияларды реттеу бойынша Комитеттің департаменті қарастыруда.


Энергетиктердің ұсынып отырған тарифі – киловатт-сағатына 0,88 теңге. Егер бұл тариф бекітілетін болса, электр қуаты облыс көлемінде қымбаттамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив