KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

20.08.2018, 05:59 192

Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сүйеніп.


«Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов қала активіне Омар Жақсылық Мұқашұлын таныстырды», делінген хабарламада.


Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.


2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде. 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде. 2007-2009 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ында. 2009-2009 жылдары «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-ында. 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы. 2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2016 жылдың қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив