KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

"Абай әлемі" сериясымен шыққан көп томдықтың тұсауы кесілді

17.08.2018, 11:52 132

Абай ауданының орталығы Қарауылдағы кітапханада облыс әкімі Даниал Ахметов жазушы Медеу Сәрсекенің "Абай әлемі" сериясымен жарыққа шыққан көп томдығының тұсаукесерін өткізді.



Облыс басшысы бұл рәсімді сол кітапханаға кітап оқуға келген жас балаларға ұсынды.

-Сіздің еңбегіңізді бағалаймыз,-деді облыс басшысы Даниал Ахметов,-Абаймен Шәкәрім және олардың ізін басқан небір талантты ақын-жазушылардың шығармаларын осылай көп томдық жасау үлкен білімділіктің белгісі. Өскелең ұрпақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұлы тұлғалар Абай, Шәкәрім, Мұхтар және Әміре шығармаларымен сусындап өсетін болады.


Өз кезегінде жазушы Медеу Сәрсеке ұсыныс бастамаға қолдау білдіргені үшін облыс әкімі Даниал Ахметовке, әкім орындасары Әсем Нүсүповаға ризашылығын жеткізді. Бұл көп томдықтың жеткізілген алғашқа біраз бөлігі ғана екен,қалған томдары Астанадағы "Фолиант" баспасында әлі де басылып жатыр. Жақын арада ол да халық игілігіне ұсынылмақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив