KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Құрбан айтта неше күн демаламыз?

17.08.2018, 05:48 228

Келер аптада елімізде мұсылмандардың маңызды діни мейрамдардың бірі – Құрбан айт тойланады.


Бұл мейрамды Ораза айы аяқталған соң 70 күннен кейін атап өтеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні ғана демалыс болып табылады.


Биыл мейрамның алғашқы күні сейсенбі күнге – 21 тамызға келіп отыр. Сәйкесінше, бұл күн демалыс күні болып есептеледі. Осыған орай, жұмыс күні 25 тамызға (сенбі) ауыстырылады.


Сонымен, алдағы аптадағы жұмыс күндері: 20, 22, 23, 25 тамыз. Ал 21 және 26 тамыз – демалыс күндері.


Тамыздың соңында Конституция Күніне орай төрт күн (30-31 тамыз және 1-2 қыркүйек) демалыс болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив