KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«Алакөл – 2018». Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы ашылды

16.08.2018, 05:33 116

Алакөл курорттық аймағында республикалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы ашылды. «Алакөл – 2018». Бұл – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақ жүйесі үшін осы жаздың басты оқиғасы, деп хабарлайды Алтайньююс тілшісі.


Мұнда кәсіподақ қозғалысының 100-ден астам белсенді мүшелерін оқудан өткізу жоспарланған. Ішінде жаңадан құрылған «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің, білім және ғылым қызметкерлерінің мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподақ мүшелері бар.


Шара аясында Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Сайыров, облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов сөз алды.



 


– Кәсіподақ ұйымдарының жұмыс сапасын одан сайын дамытып, жақсартуымыз керек. Қызметкерлеріміз жан-жақты білікті және белсенді маман болуға тиіс, –  деді Ерлан Сайыров.



Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Кәсіподақ ұйымдары – әлеуметтік-еңбек қатынастарын шешудің маңызды буыны екендігін атап өтті.



– Кәсіподақ ұйымдары – әлеуметтік-еңбек қатынастарын шешудің маңызды буыны. Жұмысшылардың әл-ауқаты мен әлеуеті олардың әлеуметтік кепілі мен құқығының қорғалуы тек кәсіподақтардың белсенділігіне байланысты, – деді Әсем Нүсіпова.


Іс-шара әлі жалғасып жатыр. Арнайы келген Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы Мүслім Хасенов және Academy of labour relations ЖШС Бас директоры Бибігүл Нұрашева бастаған қолданбалы ғылым секторының өкілдері өз тәжірибелерімен бөліспек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив