«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары УЕФА матчтарын 3 жыл бойы көрсететін болды

УЕФА матчтарын отандық арналардан қараңыз! «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ойындарын ел аумағында 3 жыл бойы көрсету құқығына ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қос арна футболдың 2018/2019 жылғы маусымындағы ең таңдаулы клубтардың тартысты матчтарын 2018 жылдың 15 тамызынан бастап 2019 жылдың 1 маусымына дейін тікелей эфирде көрсететін болады.
Көрсетіп те үлгерді десек болады. Футболсүйер қауымға аян, кеше ғана «Qazsport» телеарнасы мадриттің қос үздігі – «Реал» мен «Атлетико» арасындағы Эстония астанасы Таллин қаласында өткен алғашқы УЕФА Суперкубогін сарапқа салған кездесуді 00:50-де көрсеткен болатын.
Естеріңізде болса, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы еурокубоктік бәсекелерді 2009 жылдан бастап көрсетіп келеді. Алғашқы жылдары 1 жылға ғана трансляция құқығын иеленсе, енді 3 жылдық келісімшартқа қол қойылды.
Сондай-ақ, жанкүйерлер барлық матчтарды кез-келген уақытта “Qazaqstan TV” мобильдік қосымшасынAppStore және Play Market арқылы жүктеп алып, көре алады.
УЕФА Чемпиондар Лигасының 2018 жылғы тамыз айындағы көрсетілім кестесі төмендегідей.
«QAZSPORT» телеарнасы: