KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

88 телеарнаның жабылуына қатысты министр пікір білдірді

14.08.2018, 09:25 78

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 88 телеарнаның жабылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Министр жабылған телеарналардың болашақта ел аумағында жұмысын жандандыруы мүмкіндігін жоққа шығармады.


– Олардың жұмысына шектеу енгізу - телеарналардың алдағы уақытта ҚР аумағында ешқашан жұмыс істемейді дегенді білдірмейді. Егер де олар өздерінің өкілдіктерін ашқысы келсе, заңнамамен бекітілген барлық рәсімдерді орындауы тиіс. Осыдан кейін Қазақстан аумағына қайта оралу мүмкіндігіне ие болады, – деді ведомство басшысы.


Абаевтың айтуынша, министрлік 88 телеарнаның жабылатыны туралы хабар жариялаған кезде, басқа мәселеге екпін қойған. Ол мәселе – шетел телеарналарының өкілдігі турасында. Қазіргі сәтте Қазақстанда 215 шетел арналарының өкілдіктері ашылғандығын атап өтті. Осыған дейін Тәуелсіздік жылдарында мұндай болмаған көрінеді.


– Қазіргі кезде барлық шетелдік телеарналарды құқықтық кеңістікке шығардық. Яғни барлық шетел телеарналарының Қазақстанда өкілдіктері бар. Сәйкесінше, олар талапқа сай өкілдіктерде жұмыс істеп жатыр, – деп түйді Дәурен Абаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив