KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

«ҚТЖ» ҰК» АҚ: «Тасымалдау тарифы көтерілген жоқ»

13.08.2018, 03:47 63


Жылдағыдан қарағанда биыл көмірге деген сұраныс күрт артқан. Оның себебіде белгілі. Былтыр жылыту маусымы тақағанда қатты отынға талас өрши түскен еді.  Бұл Шығыстағы қордаланған проблемалардың бірі. Сол себепті қыстың қамын жаз ойлаған тұтынушылар қара алтынды мамырдан бастап сатып алуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 


 Қыстың қамын жаз ойлаған тараптар


 Семей жүк тасымалы бөлімшесі облыстық және қалалық әкімдіктермен негізгі номенклатуралық жүктерді тиеу, сондай-ақ тасымалдауды арттыруға бағытталған кездесулер өткізген болатын. Ал өткен айда қалалық әкімдіктер «Қаражыра»АҚ-мен меморандумға қол жеткізді. Соған сәйкес аймақтағы энергетикалық нысандарды қажетті мөлшердегі көмірмен қамту шаралары қолға алынды. Нәтижесінде қатты отын тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 590, 0 тоннаға ұлғайып, 3096, 9 мың тоннаны құраған. Атап айтқанда теміржолшылар бір ғана облыстық жылу электр орталығының қажеттілігіне мамыр-маусым айларында 90 мың тонна көмір жеткізіпті. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 3, 3% есе көп. Бұған тұтынушылардың сұранысынан бөлек, облыс әкімінің Семейді жазғы маусымда ыстық сумен қамту тапсырмасыда себеп болып отыр. Әйтсе де ішкі сұранысқа арналған көмір тасымалы әлі артатын сыңайлы. Өйткені былтыр шағын жылу орталықтары мен кәсіпорындар көмірді жаппай күзде сатып ала бастаған еді. Соның салдарынан елді мекендерде қара отынға тапшылық байқалып, ұзын-сонар кезек туындады. Міне осы келеңсіздікті алдын алу үшін мүдделі тараптар ерте қамданып жатыр.


Осы мақсатта өңір билігі, әлеуметтік мекемелер мен жылу орталықтарына көмірдің дер кезінде жеткізілуін қадағалауға алған. Семей жүк тасымалы бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев келтіргендей, қазір экспортқа бағытталған қара алтын динамикасының артуы да байқалуда. Мәселен 1 шілдедегі жағдай бойынша экспортқа жіберілген көмір 511, 2 мың тоннаға жетіп, 181 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 229, 6 мың тоннаға артық. Соңғы үш жыл қатарынан осы индекс қарқынды түрде артып келеді. Дегенмен семейлік теміржолшыларда қара жаяу емес екен. Қажетті отынды уақытында, қауіпсіз әрі мол көлеммен жеткізу мақсатында Жүк тасымалы бөлімшесі 6400 тонналы ауыр салмақты жылжымалы құрамды, сол сияқты тыңнан қосылған «шаттл» пойыздарын қолдануда.


«ҚТЖ» ҰК» АҚ: «Тасымалдау тарифы көтерілген жоқ»



Ал енді қаузаған тақырыбымыздың тұздығына тоқтала кетейік. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі, биылғы мамыр-шілде айларында көмір тасымалдау екі миллион тоннаға жеткізіліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 35 %-ға артқанын мәлімдеді. Сонымен қатар маусымда 850 мың тонна көмір тасымалданып, алдыңғы жылдан 74%-ға жоғары екенін атады. Ұлттық компанияның ақпаратынша, соңғы үш айда Шығыс Қазақстанға 244 мың тонна көмір жіберіліпті. Ол өткен жылдан қарағанда 124 мың тоннаға артық. Тағы бір айта кетерлігі, ҚТЖ өкілдері жаз мезгілінде шойын жолмен  тасымалдау тарифы көтерілмегенін алға тартты. Дәлірек келтірсек, Дегелең - Жаңа Өскемен бағдарына -1500, 7 теңге және Дегелең - Семей бағдарына -824,5 теңгеге шағып отыр. 1 тамыздағы мәліметке сүйенсек, елдегі жылу орталықтарында тәуліктік көмір қоры нормадан жоғары болып шықты. Ол шамамен 39 күнге жасақталған. ҚР Энергетика министрлігі бекіткен нормативке сәйкес, тәуліктік қор 20 күнге межеленеді екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив