KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 7 м/с, СШ
444.22 476.38 4.82

ШҚО-да балаларымен бірге суға батып кеткен имамның денесі табылды

10.08.2018, 05:17 196

Шығыс Қазақстан облысында баласын құтқармақ болып, суға батып кеткен имамның денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


- Жергілікті тұрғындар құтқарушылар мен полиция қызметкерлерімен біріге отырып, 1982 жылғы ер адамның денесін тапты. Қайғылы оқиға болғалы бері шамамен 50 адам имам мен оның екі баласының денелерін іздеген болатын. Баланың денесі 1 тамызда табылды. Қазіргі уақытта 1999 жылғы баланың денесі іздестіріліп жатыр, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Еске сала кетейік, 29 шілдеде ШҚО-да имам мен оның екі баласының суға батып кеткені жайлы хабарланған едік. Ал 1 тамызда имамның  суға батып кеткен 8 жасар баласының денесі табылған болатын. 19 жастағы ұл әлі іздестірілуде.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив