KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Аягөздің мектептері жаңа модификациялық құралдармен жабдықталып жатыр

8.08.2018, 05:44 100

«Менің мектебім» акциясы аясында «Парыз» қорына жиналған қаражаттан ауданның 19 мектебінің 35 кабинеті жаңа модификациялық құралдармен жабдықталып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сонымен қатар, жоғарыда аталған кабинеттер заман талабына сай жөндеуден өтуі үшін жергілікті бюджеттен 36 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде, соңғы үлгіде жабдықталған робототехника, химия, биология пәндеріне арналған кабинеттер қолданысқа беріледі.


Жаңа кабинеттердің ашылатынына ұстаздар қауымы да риза.


-Заманауи кабинеттердің ашылатынына өте қуаныштымыз. Алғашында оқушылар робототехника пәнін ерекше ынтамен қабыл алды. Қажетті құрал жабдықтың жоғы бір әттеген-ай дегізуші еді. Енді міне жаңа кабинеттер, қажетті құрал-жабдықтар бар. Қандай тамаша! Мұндай мүмкіндікпен оқушылардың да бағындырар белестері мол боларына сенімдімін,-дейді Айнұр Қанапьянова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив