KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

«Баланы мектепке дайындайық!» Көмекке зәру отбасылар өтініш бере алады

2.08.2018, 05:22 107

ШҚО-да  жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясымен қатар, «Нұр Отан» партиясының «Баланы мектепке дайындайық!» қайырымдылық шарасы бастау алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


 Екі акцияның да мақсаты бір. Ол -  аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету. Өткен жылы «Баланы мектепке дайындайық» акциясының барысында облыста 80-ге жуық іс-шара өткізіліп, мыңдаған бала материалдық көмекке ие болған еді.


-        Партия бизнес қауымдастығы өкілдерін «Баланы мектепке дайындайық!» акциясына белсенді қатысуға шақырады. Айта кету керек, материалдық  көмекке зәру отбасылар жергілікті жердегі партияның қоғамдық қабылдауына жүгінулеріне болады. Сонымен қатар, мемлекеттік өкілетті органдарға өтініш бере алады. Акция аясында аула бойынша жүргізілген рейд барысында анықталған материалдық көмекке мұқтаж жандар да назардан тыс қалмайды,-дейді Олег Чугунков.


Айта кету керек, партияның ұйымдастыруымен өтетін акция 1 тамыз бен 31 тамыз аралығын қамтиды. Ал Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтетін «Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан 31 қыркүйекке дейін жалғасады.


Облыстық білім басқармасының өкілі Жанар Ислямованың айтуынша, өңірде 28 836 бала  аз қамтылған отбасында тәрбиеленуде. Сондай-ақ 874 жетім бала тіркелсе, 1137 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалған.  «Мектепке жол» акциясы барысында осы балалардың барлығын мектепке дайындау жоспарланған. Басқарма өкілінің айтуынша, акция барысында ата-аналар кеңесі, педагогтар мен құқық қорғау органдарының қатысуымен аулаларды аралап, орта біліммен қамтылмай жүрген балаларға ерекше назар аударылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив