KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қайта тестілеуге құжат қабылданып жатыр

31.07.2018, 07:43 319

Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестен қажетті балл жинай алмаған түлектер екінші мәрте сынақ тапсырады. Мұндай екінші мүмкіндік ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу үшін беріледі. Қайта тестілеу тамыздың 15-нен 19-на дейінгі аралықта өтеді.


Осыған орай, тестілеу өткізу үшін жоо-ның қабылдау коммисиялары құжат қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол 3 тамызға жалғаспақ.


Айта кетсек, қатай тестілеу оқуға түсуге ниетті түлектердің қалауымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бес пән бойынша өткізіледі: Қазақстан тарихы, математика, қазақ,орыс, ағылшын тілі, екі бейінді пән.


Тестілеуге қатысу үшін өтінішті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттармен бірге өткізу қажет:


-белгіленген үлгідегі бланкте толтырылған өтініш;


-жалпы орта білімі туралы аттестат немесе техникалық және кәсіби білімі туралы дипломның түпнұсқасы;


-тестілеуден өтуге төленген ақы туралы түбіртек;


-3×4 көлеміндегі екі фотосурет;


-086-У формасындағы медициналық анықтама;


-жеке бас куәлігінің көшірмесі.


Қата тестілеуден өтудің ақысы – 2242 теңге, Қазпошта немесе Халық банкінің бөлімшелерінде төленеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив