KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

Семейде БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

30.07.2018, 10:45 221

Бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі таңда заманауи қоғам өмірінде және адамның қоршаған ортаға қатысты көзқарасының қалыптасуына маңызды рөл атқарады. Журналисттердің дінге қатысты жарияланған барлық мақалалары егжей-тегжейлі тексерілуі керек.


Осыған орай, Семейде «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының ғимаратында «Шығыс жастары» қоғамдық қорының тікелей бастамасымен «Діни тақырыптарды жариялаудағы БАҚ рөлі» атты семинар-тренинг өтті.


Бұл жиынның негізгі мақсаты – халық арасында жат ағымдарды насихаттайтын идеологияның таралуына жол бермеу,азаматтардың бойына ізгілік, толеранттылық және рухани бірлік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.


Тренинг барысында БАҚ беттерінде тұрғындарды деструктивті культтердің алдын алу және олардан сақтандыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларына арналған тақырыптық бөлімдерді көптеп ашу керектігі туралы айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив