KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Семейде 17 жастағы қыз жоғалып кетті

30.07.2018, 10:13 136

Семейде із-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Бір апта бұрын үйінен шыққан ол сол күйі қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Шығыс кентіндегі 6-шы саяжайда тұратын  Сымбат Мұқатаева 23 шілде күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазір жасөспірім қызды полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер де іздестіріп жатыр. Бірақ еш хабар жоқ. Ата-анасы мен достары да оның қайда кеткенінен бейхабар. Сымбаттың бойы - 160 см, көзі - қоңыр, шашы қара, оң жақ ернінің астында меңі бар.


«Еріктілерден құрылған топ мүмкіндігінше іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ нәтиже жоқ.


Егер Сымбат туралы қандай да бір ақпарат білетін болса, 102 немесе 8-747-430-10-74, 8 707-260-98-12, 8 747-790-76-11,                        8 747-349-57-17, 8 747-430-10-74 телефон нөміріне хабарласуын сұраймыз», - дейді "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының жетекшісі  Евгения Павел

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив