KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскемендегі № 4 қалалық аурухана онкологиялық ота жасайды

30.07.2018, 06:33 198

Өскемендегі № 4 қалалық аурухана онкологиялық ота жасайтын болды. мекеме жуықта медициналық қызметтің осы түрін көрсетуге лицензия алыпты.


Бұл туралы медициналық мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланып отыр.


-№ 4 қалалық аурухана онкологиялық оталар жүргізу құқығына лицензия алды,- деп көрсетілген хабарламада. – Мұндай ота ауруханада бұрын жасалмайтын. Енді науқастар медициналық кеңес пен кез келген күрделі онкологиялық ауруларды емдеу бойынша бізге де қарала алады.


Аталмыш қалалық ауруханаға ШҚО-дағы белгілі хирург-онколог Бақытбек Баталов шақыртылып отыр. Ол облыстық онкологиялық диспансерде кеуде бөлігі хирургиясы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. Толығырақ ақпарат алу үшін дәрігердің өзіне 8-777-390-60-97 нөмірі арқылы тікелей қоңырау шалуға болады.


Хирургиялық бөлім аурухананың 4-ші қабатында орналасқан. Мекен-жайы: Серікбаев көшесі, 1/5.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив