KZ
Өскемен
+10°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
449.58 486.94 4.86

Тұтынушы құқығын білесіз бе?

29.07.2018, 03:00 210

Бүгінгі нарық заманында тауарды қайтарып беру немесе ауыстырып алу мәселелері әлі де болса өзектілігін жоймаған. Күнделікті күйбең тіршілікте қарапайым тұтынушының құқығына нұқсан келтіретін жайттармен жиі кездесіп жатамыз. Сараң саудагерлер «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңды елеместен, себепсіз салдарға сүйеніп, тиісті ақшаны қайтаруға асықпайды.


«Тауар қайтарылмайды немесе ауыстырылмайды» деген хабарламаларды кейбір сауда нүктелерінен көруге болады. Алайда бұл хабарламалардың қаншалықты заңды күші бар екенін аңқау тұтынушы біле бермейді. Тауардың қай жерде, базарда, арзан немесе қымбат дүкенде сатылғанына қарамастан, тұтынушы құқығын қорғайтын арнайы заңның барын естен шығармаған жөн.


Тұтынушы құқығы


"Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" заңның  7-бабында (3-тарау) тұтынушының құқықтары аталып көрсетілген. Қысқаша атап өтсек, тұтынушының:


-  тауарды немесе көрсетілетін қызметті иеленуге еркін шарт жасауға;


- өзінің құқығын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге:


- тауар, сатушы, орындаушы не дайындаушы туралы ақпарат алуға;


-  қауіпсіз тауарды сатып алуға, оны еркін таңдауға;


-  тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге;


- өзіне келтірілген залалды, соның ішінде моральдық зиянды толық көлемде өтетуге;


- тауарды/қызметті сатып алу фактісін растайтын құжат алуға;


- ұтыс түрінде берілген не орындалған тауардың/қызметтің сапасы бойынша ұйымдастырушыға кінә қоюға;


- тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға;


- құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар.


Яғни, өнім Сіз үшін қауіпсіз болу керек. Баға, ел туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде толық, анық ақпарат алуға құқылысыз. Атап айтқанда, тауардың шығу тегі, дайындаушысы, өнімнің тұтынушылық сипаты, өнімді пайдалану және сақтау тәсілдері мен ережелері, дайындалған күні, тауардың жарамдылық және кепілдемелік мерзімі.


Сонымен қатар, тұтынушы өз құқығын қорғау үшін:


-  құқықты бұзған сатушыға сотқа дейінгі өтінішімен баруға болады;


- сатушының заңсыз әркеттеріне өкілетті мемлекеттік органдарға шағым түсіре алады;


- сотқа талап ету өтінішімен бара алады.


Сіз бұған құқылысыз. Оны қамтамасыз ететін талаптар міндетті және белгілі бір заң шеңберінде бекітілген.


 Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды


Әр сатушы немесе кәсіпорын сатқан тауары, көрсеткен қызметі үшін заң алдында бірдей жауапты. Егер 14 күннің ішінде тауардың ақауы байқалса, міндетті түрде жаңасына ауыстырылып немесе ақшасы қайтарылуы керек.


Жазбаша арыз


Тұтынушының жазбаша арызы мынадай болуы керек:


Өтініш берушінің аты-жөні және мекен-жайы;


Сатушының (орындауышының) нақты мекен-жайы және атауы;


Ерікті формада арыз түсіру үшін негізгі болып саналатын жағдайлар;


Жедел хат жолдаушы адамдардың шағым түсіру қатынасының негіздері: келісім-шарт, кепілді хат;


Тұтынушылардың бұзылған құқықтары;


Арыз талаптарынан бұзылған міндеттеме шарттары;


Материалдық талаптар есебіне негізделген сома;


Арыз қанағаттандырылмаған немесе белгіленген тәртіпте қарастырылмаған жағдайда құқықты қорғау үшін кейінгі сотқа жүгіну туралы ескерту.


Талаптарға негізделген құжаттардың көшірмелерін салып қою керек. Өтінішті ескертпесі бар хатпен бірге жіберу қажет. Сатушы (орындаушы) он күн ішінде өтінішке жауап беруге міндетті.





Қызықты деректер

Біздің тұтынушылар өздерінің құқықтарымен толық таныс бола алмай жатса, шетелдік тұтынушылар өз құқығын қорғауда шектен шыға бастапты. Эстондық "Õhtuleht" газеті тұтынушылардың бірнеше күлкілі шағымдарын жариялаған:


Тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне бір шаруа жаңадан сатып алған сиыры сүт бермейді деген шағыммен келген.

Үй қояны бар бір адам хайуанатын қыдыртуға қарғыбау сатып алыпты. Кейін қызыл қарғыбау қоянның терісінің түсіне сәйкес келмейді деген шешімге келіп, қайтарып бермек болған. Мұндай жағдайда тауарды дүкенде қабылдату мүмкін емес.

Ер адам дүкенге келіп, сатылатын арақтың сапасын тексеруді талап етті. Ол өзінің жеке тәжірибесіне сүйене отырып, кейбір арақтан тез масайып, кейбіреуі оған ешқандай әсер етпейтіндігін айтқан. Оны қызықтырған сұрақ - масайтпайтын арақ үшін дүкеннен өтемақы талап етуге бола ма?

Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасына ер адам хабарласып, автобусқа отырғаннан кейін дәретханаға барғысы келгенін айтқан. "Біз Сізге қалай көмектесе аламыз?" деген басқарманың сұрағына ол: "Автобусты тоқтатыңыздар!" деген екен.

Зейнеткер басқармаға кейбір дүкендерде көрікті әйел адамдардың орнына ұсқынсыз ер адамдар жұмыс істейді деп шағымданған. Ол дүкенге осы үшін айыппұл салдыртпақшы.

Ерлі-зайыпты жұп туристік фирманың үстінен шағым түсіріпті. Турфирма оларға жағажайдан 300 метр жерде орналасқан қонақүйге орналастыруға уәде еткен. Ерлі-зайыптылар бірнеше сағат бойы қонақүй мен жағажайдың арақашықтығын екіметрлік өлшеуішпен өлшеп шығыпты. Нәтижесінде 300 емес 418 метр екенін анықтаған.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив