KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
446.78 481.81 4.84

ШҚО-ның оқушылары жазғы демалыста киелі жерлерді аралауда

26.07.2018, 14:03 158

ШҚО-да жазғы демалыс кезінде оқушыларға арнап тарихи ескерткіштер мен қасиетті жерлерді танымал ету, туған елдің мәдениетін тереңірек зерттеу мақсатында «Қасиетті Қазақстан» атты республикалық  өлкетану акциясы жүргізілуде.


Аталған акция аясында 2018 жылғы 15-19 шілде аралығында Алматы қаласының 50 оқушысы  өлкетану және танымдық экскурсиясында болып қайтты. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы келген қонақтарға қызықты мәдени-танымдық бағдарламасын дайындап,  оқушыларға кәсіби-гид экскурсия жүргізетін адамдарды ұсынды. Алматы қаласының оқушылары біздің облыстың ежелгі тарихымен танысып, Өскемен және Семей қалаларының тарихи-мәдени орындарына бару мүмкіндігіне ие болды. Олардың ішінде, әрине, табиғи және мәдени мұра ескерткіштері, тарихи және саяси оқиғаларға байланысты орындар:ҰОС ескерткіштері, «Өлімнен де күшті» монументі, Бөрілі-Жидебай ескерткіші, «Күшікбай» бұлағы, Абай атындағы Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы, облыстық биологиялық орталығы, Ф. Достоевский мұражайы, Семей бекінісінің қалдықтары - Ямышев қақпасы, «Абай- Шәкәрім» мемориалдық кешені, облыстық табиғи-ландшафтық мұражай-уағызы болды.


Қонақтарды облыс орталығының пайда болу және қалыптасу тарихымен, сондай-ақ, облыстың  негізгі көрікті жерлерімен таныстырды. Өлкетану танымдық экскурсия интерактивті түрде өткізілді. Әрине, сапар балаларға  өте жағымды әсер қалдырды! Мұның дәлелі ретінде  қонақтардың кері байланысын айтуға болады. Алматы қаласының № 57 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Анаркулов Анарбек Шығыс Қазақстанның қалыптасу тарихынан көптеген қызықты фактілерді біліп, біздің аймаққа қайта келуге тағы да тілек білдіріп, ШҚО білім басқармасына  танымдық экскурсия үшін алғысын білдірді. Алматы қаласы № 57 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Камалов Нұлифарға Семей қаласының биологиялық орталығының мекендеушілері және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мұражайы ерекше әсер қалдырды.


ШҚО  білім беру басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 8-11 шілде аралығында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларының  оқуда, спортта жоғары нәтиже көрсетіп жүрген 70 дарынды оқушысы Алматы қаласының қасиетті жерлеріне сапар шегіп қайтты және тамыз айында 66 бала Елордаға барады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив