KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шемонайхадағы Киров мектебіне Мұхтар Әуезовтың есімі беріледі

19.07.2018, 11:21 170

Жуықта Шемонайха ауданындағы Киров атындағы орта мектепке Мұхтар  Әуезовтың есімі берілуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Мектептің педагогикалық ұжымы білім ордасына Әуезов есімін беру жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады. Бүгінде мектеп атауын өзгерту туралы құжат облыстық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілген.


Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсия Селтееваның айтуынша, ауданның идеологиялық маңызы ескірген тағы үш мектебінің атауын өзгерту жоспарда. Бүгінде білім ордаларына  жаңа атау таңдау жөніндегі нұсқаулық берілген.  Бөлім басшысы өткен жылы ауданның 13, биыл 10 көше атауы өзгергендігін айтады. Сондай-ақ алдағы уақытта ауданның тағы алты көшесі жаңа атауға ие болмақ. Олардың қатарында Шемонайха қаласының идеологиялық маңызы ескірген үш орталық көшесі бар. Аудан орталығының Урицкий көшесіне – Кеңес Одағының батыры Серікқазы Бекбосыновтың,Советская көшесіне жазушы Анатолий Ивановтың, Чапаев көшесіне Халық қаһарманы Александр Капориннің есімі беріледі. Сондай-ақ, Октябрский ауылдық округінің  Луговое аулы Жастар деген атауға ие болуы мүмкін.


Шемонайха ауданында соңғы екі жылда өзгертілген 23 көшесіне Желтоқсан, Бастау, Тәуелсіздік, Мерей, Жастар, Ертіс, Халықтық, Бірлік сынды атаулар берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив