KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,9 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Үржардағы өрт 3000 гектар жерге дейін жайылды

19.07.2018, 09:45 177

Дала өртке оранды. Тілсіз жаумен арпалысқан өрт сөндірушілер 3000 гектар жерді шарпыған отты ауыздықтауға бар күштерін салды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сәрсенбінің кешінде дала өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсісімен, №60 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу оқиға орнына аттанған. Өрт сөндірушілер жеткенше Қоңыршәулі ауылдық округінің Шұбарбайтал аумағы қызыл жалынға оранып үлгерді. Тілсіз жаумен арпалысқан қызметкерлер өрттің бетін таңға жуық бір-ақ қайтарды.


Бүгінгі күні өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Әзірге өрт отты абайламай пайдалану себебінен шыққан деген болжам айтылуда. Өртті сөндіруге 18 адам мен алты техника қатысты. Олардың ішінде шаруа қожалығының техникасы мен жұмысшылары бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив