KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
448.89 477.93 4.76

27 шілденің түнінде аспандағы ай қанқызыл түске боялады

16.07.2018, 10:52 142

27 шілденің түнінде аспанға қарамасаңыз, 15 жылда айналып келетін қызықтан құр қалайын деп тұрсыз. Дәл сол түні сіз, Марс пен сақиналы Сатурнды жақыннан көре аласыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


28 шілдеге қараған түні Ай, Астана уақытымен 23.13-те батыстан шығысқа қарай орбитасымен жылжып келіп, Жердің көлеңкесіне кіреді. Жер Күннің бетін жауып, Айға түсетін сәуле бірнеше сағатқа өшеді. Яғни, Ай тұтылады. Қызығы сонда, бастапқыда Ай мүлдем көрінбей қалмай, алапат қою күлгін, қанқызыл түске боялып тұрады.


Ай жердің көлеңкесіне 1.30-да толығымен еніп болады. Айдың тұтылуы 4.19-да аяқталады.


– Айтпақшы, сол түні Ай тұтылып қана қоймайды, – деді физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Виктор Тейфель. – Марстың ұлы қарсыласуы болады. Дегенмен бұл құбылыс екі жылда бір қайталанып отырады. Бірақ 15 жылда бір рет жерге өте жақын келеді. Соңғы ұлы қарсыласу 2003 жылы болған.


Бұл жолы «Қызыл ғаламшар» Жерден небары 57,5 млн шақырым қашықтықта болатын көрінеді. Түн жарымында аспанның оңтүстік бөлігінен қызғылт-сары жұлдыз байқасаңыз, Марс дей беріңіз. Оның қара дақты дискісімен ашық түсті поляр қалпағын кішігірім телескоппен де көруге болады.


Осы бір ғажайқа толы түнде Сатурнның сұлулығына да тамсана аласыз. Ол Марстың батыс жағынан «туады». Марстай жарқырап көрінбесе де, телескоппен анық байқауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив