KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1 м/с, В
447.4 477.55 4.76

Өскемендіктер Пушкин кітапханасының маңына бағдаршам орнатып беруін сұрап отыр

16.07.2018, 04:32 135

Өскемен тұрғындары қала басшылығынан Пушкин кітапханасының маңындағы жолға бағдаршам орнатып беруін сұрап отыр , – деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ол қандай бағдаршам дейсіз ғой. Дәл Тәуелсіздік даңғылының бойындағыдай түймешігі бар бағдаршам. Түймені басасыз, жолдан өтесіз.


Бұған Өскемен қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Станислав Каримов жауап берді.


– Иә, ол көшемен көлік көп жүреді. Бірақ онда әлгіндей бағдаршамды орнатуға әкімшілік полиция қарсы келіп отыр. Сөйтсе де, біз мәселенің екі басын таразылап көрмекпіз. Жауабын кейін береміз, – деді төраға.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив