KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Көкпекті ауданында өрттен екі адамды көршілері құтқарып қалды

12.07.2018, 11:53 185

Кеше Көкпекті ауданына қарасты Самара ауылындағы жер үйлердің бірінен өрт шықты. Құтқару жасағының қызметкерлері келгенше, лапылдап жанып жатқан отқа қарамастан, көршілері 32 жастағы әйел адам мен 7 жастағы баланы құтқарып қалды.


Денелерін күйік шалған екеуі де тез арада аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды төрт сағатта ауыздықтады. Тілсіз жау жалмаған аумақ 200 шаршы метрді құрайды. Мамандар электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан осындай жағдай орын алуы мүмкін деген болжам жасауда. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив