KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Курчатовтағы 3514 әскери бөлімінде жазғы оқу-жаттығулар басталды

11.07.2018, 05:47 121

Әскери бөлімнің айтулы іс-шарасына Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов, ҚР Ұлттық Ұланының «Шығыс» әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Талапкер Амриевтер қатысты.


-Кез келген уақытта әрбір офицер өз қызметін абыроймен атқару керек,-деді қала әкімі Алмас Оңдақанов,-әскери бөлімдердің дайындығын арттырып, өзіне деген жауапкершілікті сезіне алулары керек. Отан қорғауға, еліміздің тыныштығын сақтауға дайын болыңыздар. Сіздің әрбір іс-қимылыңыз, әр жаттығуларды шыңдау деңгейіңізбен халқымыздың қауіпсіздігі тікелей байланысты екендігін бір сәт те ұмытпаңыздар.


Бұдан кейін әскери оқу-жаттығулар легі басталды. Айта кету керек, 3514 әскери бөліміндегі қысқы оқу-жаттығулар кезінде әскери дайындық қызметіндегі 55 сардар, 42 разрядттағы спортшылар, взводтардан 8 үздік әскери қызмет иелері бар екендігі анықталып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив