ШҚО-да бүгін 19 адам «Астана – 20 жыл» медалімен марапатталды

Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов бір топ шығысқазақстандықты «Астана – 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы №706 Жарлығымен Қазақстанның және оның Астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін облысымыздың 19 тұрғыны аймақ басшысы атынан аталмыш мараптты алды.
Олардың арасында облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Айтқазы Шерубаев, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төарағасы Әлібек Қаңтарбаев, ШҚО ҚХА сараптама кеңесінің мүшесіЛюция Абдуллина, «Камышинское – 2» ЖШС директоры Акулов, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова, облыстық мешіттің бас имамы Ермек қажы Мұқатай және өзге де азаматтар бар. Жалпы осы медаль облыс бойынша 120-ға жуық абыройлы азаматқа берілмек.
– Сіздерді Астанақалысының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Біз тамаша елдетұрамыз, кең-байтақ жеріміз бар, Ұлы Президентіміз бар. Елордамыз елмен біргеөсіп-өркендей берсін! Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін! – деді аймақбасшысы жиналғандар алдында.
– Мына медальда Қазақстанның лүп-лүп еткен жүрегі бар. Оның үстіне оны сол лүп-лүп еткен жүректің қан тамыры болған өзіңіздей азаматтан алғанымды мен абырой санаймын! Көп рахмет! – деді медальды алып тұрған жазушы Әлібек Қаңтарбаев.
[caption id="attachment_35635" align="aligncenter" width="1000"] Әлібек Қаңтарбаев[/caption]