KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Бедеулік пен белсіздіктің негізгі себептері туралы

4.07.2018, 10:37 118

Ұрпақ өрбіту жасындағы қыздар мен  жігіттердің  белсіздік пен бедеулікке шырмалып жатқаны отбасылық қана емес   ұлтымыздың басындағы демографиялық қасіретке айналып барады. Бүгінде елімізде бес-он жыл бұрын отау құрған отбасылардың 17 пайызы осы кеселмен күресіп жүр.


Қазіргі күні  Шығыс Қазақстан облысы  бойынша  жасанды жолмен   экстракорпаралді  ұрықтандыру ( ЭКҰ) арқылы бала көтеруге квота алуға 645 ерлі зайыпты кезекте тұр. Кезекке тұрмағандардың, өз бетімен емделіп жүргендердің саны да аз емес.  Биыл Өскеменде 39, Семейде 26 ерлі зайыптыға квотамен ЭКҰ жасауға жолдама бөлініп отыр.  Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің дәрігер сарапшысы БақытТаймасова былтыр облыста   69 жұпқа тегін жасанды жолмен ұрықтандыру жасалса, биыл екі қала бойынша барлығы 65 отбасына жолдама беріліп отырғанын айтады. Отбасылардың  ЭКҰ ны тегін жасатуға берілетін мұндай квотаны бір ай емес, бір жыл емес, бес жыл көлемінде күтуіне тура келуде.Яғни, квотаның кезегі бес жылда келеді. Биыл 2013 жылы кезекке тұрғандар,  келер жылы 2014 жылы кезекке тұрғандарға жолдама беріледі. Жасанды жолмен ұрықтандыру бұрын тек  Астана мен Алматыдағы ана мен баланы қорғау бағытындағы төрт-бес  клиникаларда жасалса, биылдан бастап    Өскемендегі меициналық репродуктивті   орталықта да жасалатын болды.


Келіншектердің етегін жасқа толтырып, ерлердің еңсесін түсірген бедеуліктің белең алуы бізде ғана емес, төрткүл дүниеге тән тенденция деп дабыл қағуда әлем дәрігерлері. Бірақ бақытын баламен ғана есептеген қазақ үшін, қазақ отбасы үшін бедеулік пен белсіздік демографияны тежеп, шаңырақтың құлауына әкеліп жатқан үлкен қасірет болып саналып отыр. Репродуктолог-дәрігерлердің айтуынша, егер әйел мен еркек үйленіп, бір жыл бойы жүктілік пайда болмаса, бұл бедеулік болып саналады. Әйел бедеулігі екі түрлі. Біріншісі – іштен туа біткен, екіншісі жүре пайда болған бедеулік. Іштен туа біткен бедеулікке жатыр түтігінің бітелуі, жыныс мүшелерінің,жатырдың жетілмей тууы басты себеп. Жүре пайда болған бедеулік әртүрлі ауруларға, салауатты өмір салтын сақтамауға байланысты туындайды. Негізгі себептердің бірі жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жастайынан жыныстық қатынасқа түсіп, артынан түсік жасату болып келеді.  Бұл дегеніміз – ішімдік ішу, темекі тарту,есірткі қолдану, ерте, бей-берекет жыныстық қатынасқа түсу.  Экология, қатты қысатын киім кию, саунаға жиі бару, спорт жаттығуларымен артық шұғылданулар да  бедеулікке алып келетіні айтылып жүр.


Бақыт Таймасова, Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің дәрігер сарапшысы:


-        Бұрынғы отбасыларында ұрпақсыз қалу деген өте сирек кездесетін. Бедеулік, белсіздік 80-жылдардан бері қарай туылған  ерлі зайыптылар арасында көбейе бастады. Бедеулікке жатыр мен жатыр түтікшелеріндегі сырқаттар, түтікшелердің бітелуі, жыныс мүшелерінің қабынуы, эндометриоз, етеккірдің бұзылуы, гормондық бұзылыстар, тағы көптеген факторлар да әкеліп соғады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив