KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген жігіт шаңырақ көтергелі жатыр

2.07.2018, 12:11 241

Бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген оралдық жігіт Абзал Әділов шаңырақ көтерді. Қайырымды жігіт болашақ жарын Түркістан облысынан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Әлеуметтік желіде бір бүйрегін танымайтын қызға тегін берген Абзал Әділов 2017 жылдан бері танымал болып кетті.


Қарапайым отбасынан шыққан оралдық жігіт Түркістан облысының Жәмила Байсерікованың басындағы қиын жағдайды естіп, көмек қолын созуға бел шешеді. Жігіт ақшалай емес бір бүйрегін беруге келіседі. Жәмила мен Абзал 2017 жылдың қарашасында бүйрек ауыстыру үшін отаға түскен еді. Бірнеше сағатқа созылған операция сәтті өткен. 5 күннен соң Абзал мен Жәмила және Жәмиланың анасы Құрмангүл Шымкентке кеткен болатын.


Жас жігіт өзінің махаббатын Шымкентте жүріп жолықтырған.


«Шымкентте жүргенде әлеуметтік желісі арқылы Әйгерім деген қызбен таныстым. Ол өзі менің оқиғамды естіп білген соң маған жазған. 1-2 аптадай сөйлесіп, кездесіп жүрдік. Кейін бір-бірімізді ұнатып қалдық. Мен Әйгерімді Орал жаққа алып кеттім. Ата-анам келін апара жатқанымды естігенде сенбеді. Жарым Әйгерім Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының қызы», - деді Абзал Әділов.


Қазір жас отбасы Оралда тұрып жатыр. Айгерім - балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеп жатыр. Абзал «КВАНТ» ЖШС-нда қызмет етеді.


Шілденің 8-інде Абзал мен Әйгерімнің тойы өтеді. Абзал қуаныш тойына Жәмила мен оның анасын да шақырған.


Алайда, денсаулығының әлсіздігіне байланысты Жәмила мен анасы тойға келе алмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив