KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да пробация есебінде тұрғандарға азық-түлік пен киім-кешек таратылды

2.07.2018, 09:02 142

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Үлбі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған тұрмысы төмен жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Антарес А» қоғамдық қорымен бірлесіп өткізген шарада оннан астам адамға тегін азық-түлік пен киім-кешек таратылды.


-Бүгін ақысыз жәрдем көрген адамдардың бәрі пробация қызметінің есебінде тұрғанымен, қоғамнан оқшауланбаған. Десек те, олардың көбінде өзінің күн көрісіне жететін табыс табу мүмкіндігі аз. Зұлымдықты жеңетін жалғыз күш бар. Ол – ізгілік. Бүгінгі қайырымдылық шарасы да есепте тұрған азаматтарды қайталап қылмыс жасамауға бейімдейді деп ойлаймыз, - дейді ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің инспекторы Д.Қайсенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив