KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Семейде тұрғын үйден шыққан өрттен 25 адам эвакуацияланды

27.06.2018, 09:37 165

Кеше таңертең Жаңасемей көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Нақтырақ айтсақ, тілсіз жау 1-ші қабатта орналасқан пәтерді түгелдей дерлік қызыл жалынға орап, онымен қоймай 15 шаршы метрге дейін шарпып үлгерген.


Оқиға орнына дереу жеткен құтқару жасағының қызметкерлеріне оттың бетін қайтару оңайға түспеді. Олар иіс тиіп уланып қалған пәтер иесін тез арада сыртқа алып шыққан. Бұдан бөлек, 25 адам эвакуацияланған. Абырой болғанда, тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив