Смольниковтың әкесі: "Мені ешкім соққан жоқ"
Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев көлікпен қағып өлтірген Евгений Смольниковтың әкесі өзін әлдекімдердің соққыға жыққандығы туралы хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды Алтайнюс тілшісі.
– Мен шынымен де, өзі үйімнің кіреберісінде құлап қалдым. Тура етбетіммен еденге құлап, сау тамтығым қалмады. Жедел жәрдем мені ауруханаға жеткізді. Ол жерде қажетті ем-шара жасады, қан қысымым өте жоғарылап кеткен екен, – дейді Виктор Смольников.
Өзіне шабуыл жасалғаны туралы тілшілерге айтқан өзінің сөзін былай деп деп түсіндіреді:
"Мен, сірә, ақылымнан алжаса бастаған болуым керек"
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Виктор Смольниковты соққыға жығылғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.