KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Риддерде өзеннен өтпек болған жігіт суға кетті

24.06.2018, 09:26 246

Риддерде 27 жастағы жігіттің денесі табылды. Ол мас күйіне де өзеннен  өтпек болып, суға кеткен екен. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.


Жігіттің суға кеткені туралы ақпаратты құтқарушыларға жігіттің туыстары айтып берген.  Маусымның бас кезінде екі жігіт Быструха өзенінен өтпек болады. Біреуінің аяғы тайып кетіп, суға құлайды да, ағысқа төтеп бере алмай қалған. Бірнеше күн өткеннен кейін ғана жігіттің ата-анасына оқиғаға куә болғандар хабар беріпті.


Суға кеткен жігіттің іздеуге Өскеменнен  құтқарушылар шақыртылды. Өзеннің ағысы өте қатты болғандықтан, қауіпсіздік үшін іздеу жұмыстары жағаға жақын жерлер мен ағаштың тамырлары мен бұталары бар су учаскелерінде жүргізілген. Құтқарушылардың айтуынша, өзеннің тереңдігі кей жерлерде 1-ден 2 метрге дейін жетеді, түбі тастақ болып келеді. Жігіттің денесі бірнеше күннен кейін оқиға болған орыннан 1,5 шақырым жерде табылған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив