KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы өтетін президент сайлауы туралы ойын айтты

21.06.2018, 06:15 235

Қоғам қайраткері және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысты ойын мәлімдеді. Сенатор 2020 жылы өтуге жоспарланған сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтің қатыспауы мүмкін екенін Би-би-си-дің “Hardtalk” бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп  жазады Нұр кз.


“Шындыққа келер болсақ, 2020 жылы өтетін сайлауға Елбасы өз кандидаттығын ұсынады деп ойламаймын. Ол асқан парасатты жан.”- деп сөз бастаған Тоқаев билік тізгінін ұстауға басқа да үміткерлердің болатынын баяндады.


Әңгіме барысында Төраға тек өз ойын жеткізгенін, ал барлық жағдай президенттің шешіміне байланысты екенін ескерте кетті. “Жақындап келе жатқан сайлауға сіз кандидатураңызды ұсынасызба?” деген журналисттік қызығушылықтан туындаған сауалға Сенатор оңды жауап қайтармады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив