Өскемен
-15°
туман ветер 1 м/с, С
459.92 501.31 6.62

Өскемен қаласы демалыс күні көк түтіннен көз ашпай қалды

20.06.2018, 11:13 5 0

Соңғы аптадағы аптап ыстық саладыранан облыста дала өрті өршіп тұр. Тек өткен демалыс күндері өңірде осындай 50-ден астам оқиға тіркелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оның 15-і Өскемен қаласының шеткі аймақтарында болған. Дала өртінің өршігені соншалық, демалыс күні облыс орталығын көк түтіннен көз ашпай қалды. Өр оқиғаларының жиілеуі төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күшейтілген тәртіпте жұмысқа көшуіне негіз болған. Өткен күндері әуежай маңындағы Ертіс өзені ортасында орналасқан шағын аралда жеке құрамның 20 маманы тілсіз жаумен күресті.


- Өрттен төніп тұрған қауіп жоқ, қазір ол жердегі жұмыс толық аяқталуға жақын. Дегенмен, Жарма, Күршім аудандары сияқты алыс аймақтарда дала өрті болып жатыр. Ол жақтарда біздің мамандар өртті сөндіріумен айналысуда. Ал тұрғындарға мынадай аптап ыстықта өрт қауіпсіздігін сақтап, абай болуды ескертеміз,-дейді Анастасия Скляр, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив