KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Семей қаласының Ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

20.06.2018, 05:45 211

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Есенжолов Нұржан Ерғалиұлы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.


Нұржан Есенжолов 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих», 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.


«Болашақ» стипендиясымен Ұлыбританияның Шеффилд университетінде «Мемлекеттік басқару және саясат» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.


Еңбек жолын 2007 жылы М.О. Әуезов атындағы университеттің «Тарих» кафедрасының оқытушысы ретінде, ал мемлекеттік қызметін 2009 жылы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады.


Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің жетекші және бас маманы қызметтерін атқарды, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары, сондай-ақ, Семей қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.


2016-2017 жылдары Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2017 жылдан бүгінге дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы – баспасөз хатшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив