KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да жоғалған ветеринарлардың денесі Күршім өзенінен табылып жатыр

20.06.2018, 04:51 108

Күршім ауданы Үшбұлақ ауылына вакцинация жасауға бара жатқан  Маралды ауылдық округының ветеринарлары жексенбі күні жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жеңіл көлікпен жолға шыққан мал дәрігерлері діттеген жерлеріне жете алмаған. Куәгерлердің айтуынша, Маралды ауылынан 5 шақырым жерде, Күршім өзенінің жағасындағы жардың маңында автокөліктің іздері табылған. Осыған сәйкес қазір  өзен бойындағы жардың жиегінен жылдамдықты тежеу кезінде, көліктің жарға ауып кету мүмкіндігі қаралып отыр.


-Қазір өзен тасып жатыр, ағыс өте қатты, ештеңе көрінбейді. ШҚО, ТЖД мамандары бар күшін салуда. Құтқарушыларға 35 адамнан тұратын еріктілер тобы келіп қосылды, олар жергілікті тұрғындар. Іздеу жұмыстары өзен және жағалау бойының барлығында жүргізіліп жатыр,-дейді Күршім аудандық ТЖБ басшысы Азамат Абдурахманов.


Кешке таман құтқарушылар ветеринарлық пункт қызметкерлерінің бірінің денесін судан алып шықты. Марқұмның денесі оқиға орнынан 30 шақырым жердегі Қыстау-Күршім ауылының маңынан табылды. Жоғалған ветеринарларды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив